Атом энергетикасын қолдану туралы заңнаманы қабылдаудағы басты мақсат қауіпсіздік шараларын күшейту - Энергетика министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атом энергетикасын қолдану туралы заңнаманы қабылдаудағы ең басты мақсат қауіпсіздік шараларын күшейту. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Атом энергиясын пайдалану туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев айтты.
None
None

«Заң жобасының басты мақсаты атом энергиясын заманауи деңгейде бейбіт пайдалану кезінде ратификацияланған халықаралық құжаттардың талаптарын орындау, халықаралық стандарттарға сәйкес қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету және халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаны тиімді қорғау. Жаңа редакциядағы заң жобасы ядролық, радиациялық және электр физикалық қондырғыларлы орналастыру, салу, пайдалану және істен шығару кезінде қауіпсіздік қағидаттары мен негізгі талаптарын айқын белгілеуге бағытталған», - деп атап өтті ол.

Вице-министрдің түсіндіруінше, заң жобасы атом энергетикасы аласында қызмет ететін адамдардың денсаулығын сақтандыруға назар аударып отыр.

Бұдан бөлек, заң жобасында ядролық және радиациялық апаттарға дайындық жағдайлары да қарастырылған.

Аталған заң жобасымен бірге қарастырылған "Атом энергиясын қолдану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы" заң жобасы да қаралды. Ол бойынша Азаматтық кодекстің 839-бабына өзгерістер енгізілді.

«Бұл өз кезегінде атом энергиясын бейбітт мақсатта қолдану барысында персонал мен үшінші тараптардың денсаулығын сақтау үшін радиациялық тәуекелдерді сақтандыруға жол ашады», - деп түсіндірді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар