12:35, 25 Сәуір 2025 | GMT +5
Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасарлары тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Тимур Мифтахұлы Жантикин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды;
Әсет Кеңесбекұлы Махамбетов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Осыған дейін Президент жарлығымен бірқатар елдің елшілері тағайындалғанын жазған едік.