Аттестаттау: Ішкі істер органдарындағы бірнеше лауазымды тұлғаның басына бұлт үйірілді
АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - Аттестаттаудың бүгінгі нәтижесі көрсетіп отырғандай, ішкі істер органдарының біраз басшылары жұмыстан босатылады.
Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті бастығының орынбасары Бақыт Өмірсейітов мәлім етті.
Атап айтқанда, Қарағанды облысы бойынша 33 лауазымды тұлғаны жұмыстан босатуға, ал 22-сін ішкі істер органдарынан шығаруға ұсыныс берілді. Сондай-ақ Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқарма бастығының орынбасары, Жезқазған қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқарма бастығының орынбасары, Абай ауданы Ішкі істер басқармасының және ІІМ Қарағанды әскери-тергеу басқармасының Приозерскі бөлім бастықтары - лауазымдарынан төмендетуге ұсынылды. Қарағанды қаласы Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары басқа қызметке ауысуға ұсынылды, көші-қон полициясы басқарма бастығының орынбасары және ІІМ Қарағанды академиясының қылмыстық іс жүргізу кафедрасының бастығы ішкі істер органдарынан шығарылуға ұсынылды.
Ақмола облысы бойынша 16 лауазымды тұлғаны жұмыстан босатуға, ал 6 қызметкерді ішкі істер органдарынан шығаруға ұсыныс жасалды. Оның ішінде Жедел криминалистикалық басқарма бастығы мен Жол полициясы басқарма бастығының орынбасары бар. Жол полициясы басқармасы тіркеу-емтихан жұмысы бөлімінің бастығына басқа қызметке ауысу ұсынылды. Қылмыстық атқару жүйесі департаменті мекемесінің бастығы және Мамандандырылған күзет қызметі бақармасы бастығының екі орынбасары, Степногорскі қаласы Ішкі істер басқарма бастығының орынбасары лауазымдарынан төмендетуге ұсынылды.
Алматы қаласы бойынша 48 лауазымды тұлғаны жұмыстан босатуға, ал 5-уін ішкі істер органдарынан шығаруға ұсыныс берілді. ІІМ Оқу орталығы (Алматы қ.) бастығының оқу жұмысы бойынша орынбасары, Криминалдық полиция басқарма бастығы, Патрульдік полиция полк командирі, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқарма бастығы мен оның орынбасары лауазымдарынан төмендетуге ұсынылды. ІІМ Алматы академиясы заң институты жедел-іздестіру қызметі кафедрасының бастығы, ІІМ Алматы әскери-тергеу басқарма бастығының екі орынбасары басқа қызметке ауысуға ұсынылды. Алматы қаласы ІІД Жол полициясы басқармасының бастығы, ІІМ Оқу орталығының (Алматы қ.) кадр жұмысы жөніндегі орынбасары ішкі істер органдарынан шығарылуға ұсынылды.
Алматы облысы бойынша 33 лауазымды тұлғаны жұмыстан босатуға, ал 28-ін ішкі істер органынан шығаруға ұсыныс жасалды. Облыс ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, экстремизмге қарсы күрес, әкімшілік полиция басқармаларының бастықтары, жол полициясы, кадр жұмысы басқарма бастықтарының орынбасарлары, Кербұлақ ауданы ІІО бастығы, Алматы облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқарма бастығының орынбасары, ІІМ Талдықорған әскери-тергеу басқарма бастығының орынбасары лауазымдарынан төмендетуе ұсынылды. Облыс ІІД кадр жұмысы, өзіндік қауіпсіздік, Алматы облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармалар бастықтары, жол полициясы басқарма бастығының орынбасары ішкі істер органдарынан шығарылуға ұсынылды.
Ал Көліктегі ішкі істер департаменті бойынша 6 адамды босатуға және 3 лауазымды тұлғаны ішкі істер органдарының қатарынан шығару жөніндегі ұсыныс жасалды. Экстремизмге қарсы күрес басқарма бастығы лауазымынан төмендетуге, кәсіби және психологиялық ұйымдастыру бөлімінің бастығы, сондай-ақ бірқатар жедел бөлініс қызметкерлері басқа лауазымға ауысуға ұсынылды. Екінші арнайы басқарма бастығы ішкі істер органынан шығарылуға ұсынылды.