Аттестаттау кезінде 100-ден астам қызметкерге қатысты беделін түсіретін материалдар ескерілді

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - БАҚ және интернет-ресурстарын мониторингтеу негізінде 103 қызметкерге қатысты 185 беделін түсіретін материал тіркелген. Олардың барлығы аттестаттау кезінде ескерілді.

Аттестаттау кезінде 100-ден астам қызметкерге қатысты беделін түсіретін материалдар ескерілді

Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Ш|пекбаев мәлім етті.

«Кезектен тыс аттестаттауды өткізудің айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында, Мемлекет басшысының ресми сайтында арнайы бөлім ашылды, оған аттестатталатын адамдардың сыбайлас жемқорлық және өзге құқық бұзушылықтарды жасағаны, сондай-ақ олардың қызметтік этика нормаларын сақтамау фактілері туралы 115 хабарлама келіп түсті», - деп атап өтті А.Шпекбаев.

Оның айтуынша, бұдан басқа, аттестатталатын қызметкерлерге қатысты тексеру іс-шараларын 8 мемлекеттік орган жүзеге асырған. Олардың үштен бір бөлігінен артығы сот органдарына берілген (35%), олардың шешімімен 4 қызметкердің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.