Аттестаттау құқық қорғау жүйесіне де, қоғамға да пайдалы болмақ -заңгер пікірі
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Заң ғылымдарының докторы Дәулет Лайықұлының пікірінше, аттестаттау құқық қорғау жүйесіне де, қоғамға да пайдалы болмақ.
Еліміздің құқық қорғау саласы сапында адал, кәсіби білімі мен мәдениеті жоғары азаматтар қызмет етуі керек. Осылай деген Елбасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жаппай кезектен тыс сынақтан өткізу туралы шешім қабылдаған еді. Бұл бастаманы еліміздің заңгерлері қолдап, қуаттап отыр, деп хабарлайды «Қазақстан» телеарнасы.
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор Дәулет Байделдіновтың пікірінше, бұл шара құқық қорғау жүйесіне де, қоғамға да пайдалы болмақ. «Менің ойымша, нағыз тәртіп сақшысы ол өз ісін жоғары дәрежеде білетін терең ойлы, ар-ожданы биік азамат болуы керек. Заманауи технологияларды жіті меңгеріп, қоғамда орын алып жатқан түрлі құбылыстарға төтеп беруі қажет. Мына кезектен тыс аттестация