Аты аңызға айналған Мұхаммед Әли ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты боксшы Мұхаммед Әли тыныс алуы нашарлағандықтан ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды Р-Спорт.

Аты аңызға айналған Мұхаммед Әли ауруханаға жатқызылды

Боксшының өкілі Боб Ганнеллдің мәлімдеуінше, Әли госпитальға тексерілу үшін жатқан, жағдайы қалыпты, бірақ  ол бұл жоспарланған тексеру ме немесе оны сырқатының асқынуына байланысты жатқызды ма, бұл сауалдарға жауап беруден бас тартты.

Еске сала кетсек, Әли 1960 жылғы олимпиада чемпионы, әлем чемпионатының абсолютті чемпионы. Соңғы жылдары ол Паркинсон дертіне шалдыққан.