Аты аңызға айналған «Паровоз апа» жастарға өсиетін айтты - Алматы облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бірнеше соғыс ардагерінің үйіне арнайы барып, Жеңістің 72 жылдығымен құттықтап, сый-құрметін көрсетті. Майдангерлерге  "ЭКСПО-2017" көрмесінің билеттерін және ақшалай сыйлық тарту етті. Өңір басшысы құттықтауды аты аңызға айналған «Паровоз апаның» үйінен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  
None
None

null
Алтынай Жайнаққызы небәрі 18 жасқа толар-толмас шағында соғысқа аттанған. Қару ұстап, ұрыс алаңында жүрмесе де, паровоз жүргізушілері стратегиялық маңызы бар тапсырмалар орындады. Сондықтан, олар майдандағы жауынгерлермен тең саналды. Қаршадай қыз паровоздың оттығына күнде тонналап көмір лақтырды. Эшелонның белгілеген жерге жетуіне аянбай тер төкті. Алтынай апа тізгіндеген отарба Сталинград шайқасына қару-жарақ пен сарбаздарды жеткізіп отырды. Кейін сол Сталинградтан фашист тұтқындарын Мәскеуге тасыды.
 

«Бәрінен жаныма батқаны, есімде қатты қалғаны мына жайт.  Сталинградтың жанында Елчанкі деген станция бар. Сол жерден жүрегі мықты адам болмаса, жыламай өту мүмкін емес. Өліктер шапқан шөптей сұлап жатыр. Бірінің үстінде бірі. Біреуінің басы, біреуінің аяғы бөлініп жатыр. Мұндай сұмдықты ешкім көрмесін. Дұшпанның да басына бермесін», дейді соғыс жылдарын есіне алған Алтынай әже.

Бүгінде Алтынай әженің ел ішінде «Паровоз апа» аталып кетуіне Елбасының өзі себепкер болғанын айтып берді. Президенттің қабылдауындағы сәтінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кеудесіндегі төсбелгісін көріп, «Паровоз апа» деп атаған екен. Елбасының өзі ерлігіне тамсанған әжейді  ел ішінде сондан бері «Паровоз апа» деп атап кетті. Қарт әжей өңір басшысы Амандық Баталовтың құрметіне ерекше ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырды. Әр кез еліне, халқына жасаған жақсылығын біліп отырамын деп ақ батасын берді. Сүйегі асыл ана жастарға өсиетін айтуды ұмытпады.
null 

«Тәубә. Сендер бақыттысыңдар. Сендерде барлығы бар. Оқудың да, жұмыстың да есігі ашық. Дендерің сау болсын. Тек қана оқыңдар. Оқыған адам еш адамнан кем болмайды. Бәрін жеңіп шығатын - оқу. Білімдерің бар болса, алынбайтын қамал жоқ.Біліммен  қаруланыңдар», деді Алтынай апа.

Сондай ақ өңір басшысы, соғыс ардагерлері  Хасан Боранбаев пен Григорий  Харченконың үйіне барып, сый-құрметін көрсетіп,  құттықтап қайтты. Жылы кездесу барысында оқушылар жылы лебіздерін білдіріп, өлең-жырдан шашу шашты. Ардагерлер көңілін бір марқайтты.
null null null 

Соңғы жаңалықтар