Аты аңызға айналған Ронда Роузи қарсыласынан 48 секундтың ішінде сүрінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - UFC 207 турнирінің басты жекпе-жегінде аты аңызға айналған Ронда Роузи қарсыласынан 48 секундта ұтылып қалды, деп хабарлайды  prosports.kz.

Аты аңызға айналған Ронда Роузи қарсыласынан 48 секундтың ішінде сүрінді

Кездесу басталған бойда бразилиялық спортшы қарсыласына тұра ұмтылып, бірнеше жойқын соққылар жасады.

Бұған америкалық жауап қайтара алмады. Нәтижесінде төрешілер кездесуді тоқтатып, жеңісті бразилиялық қызға берді.

Осылайша  Ронда Роузи спорттық мансабындағы екінші жеңілісіне ұшыраса, Аманда ең жеңіл салмақтағы чемпиондық титулын қорғады.