Аты аңызға айналған теңізші Д. Куктың тапаншасы Австралиядағы бәссаудада 227 мың долларға сатылды

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Ағылшын теңізшісі Джеймс Куктың тапаншасы кеше Австралияның Мельбурн қаласында өткен бәссаудада 227 мың долларға сатылды,
None
None

деп хабарлайды британдық БАҚ.

Сауданы ұйымдастырған "Лески" /Leski Auctions/ бәссауда үйінің қызметкері Кассандра Хилбердің баяндауынша, XVIII ғасырдың басында Нидерланды қару шебері жасаған тапаншаны Австралияның Виктория штатынан келген азамат сатып алған. Алғашында бұл ескі қаруды 105 мыңнан 210 мың долларға дейін сату жоспарланған еді.

Бұған дейін "Лески" бәссауда үйінің негізін қалаушы Чарльз Лески теңізші қайтыс болғаннан кейін, оның қалдырған өсиетіне сәйкес, тапанша Куктың әпкесіне берілді. Оның ұрпақтары ескі қаруды отбасының ерекше құрметтейтін бұйымына санап, 200 жылдан астам сақтап келді. Тек 2003 жылы ол Эдинбургтағы бәссаудада Мельбурнның лорд-мэрі Рон Уолкерге сатылды.

Соңғы жаңалықтар