Аты шулы Саша Барон Коэн тағы шулатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британияның Гримсби қаласының басшылығы Саша Барон Коэн рөлде ойнайтын кинокомедияның атауы үшін режиссер Луи Летерьеге наразылық білдірді.
«2015 жылы жарыққа шыққалы отырған футбол бұзақысы туралы «Гримсби» кинокомедиясы қаламыздың жақсы атағын шығарайын деп отырған жоқ», - деді қала басшысының кеңесшісі Мэтью Браун.
«Бұл біздің қала экономикасына пайда әкелмейді. Футбол бұзақылары туралы киноның біздің қалаға қатысы да жоқ. Футбол клубымыз да ондай емес», - деді Браун.