Атырау әкімдігі балық түрлерінің жойылуына қарсы тұруға шамасы жетпей отыр

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Атырау облысының әкімдігі балық түрлерінің жойылуына қарсы тұруға шамасы жетпей отыр. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің отырысында мәлім болды,

Атырау  әкімдігі балық түрлерінің жойылуына қарсы тұруға шамасы жетпей отыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз комиссия сарапшыларының («Нұр Отан» ХДП Жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссия) балықты қорғау инспекциясы қызметкерлері жемқорлық әрекеттері арқалы табиғи ресурстарға айтарлықтай залал келтірді деген қорытындысымен толық келісеміз. Балықтың бекіре түрлері жоғалу қаупінде тұр. Ал балықты қорғау инспекциясы не істеп отыр дегенге келетін болсақ, бұлар өздерінің балық қорларын қорғауға қатысты тікелей міндеттерімен айналысудың орнына, керісінше бекіре тұқымдас балықтарды аулау жөнінде лимитті арттырып, бұндай бағалы балық түрлерінің жоғалуына жағдай жасап отыр. Бұл жайында бірнеше мәрте мәлімдегеніміз болмаса, бізде балыққа қатысты қадағалау және бақылау секілді қызметіміз жоқ. Сол себепті әкімдік балықтың бағалы түрлерінің жаппай жойылуына қарсы шараларды атқара алмай отыр, бұған күші де келмейді», деді жиын барысында баяндама жасаған Атырау облысы әкімінің орынбасары Болат Дәукенов. Осыған орай, әкім орынбасары Қоғамдық кеңестен аталған мәселеге баса назар аударып, тиісті шаралар қабылдауды және бұл бағытта әкімдіктің қолдаулар жасайтынын мәлім етті.

Тоқтала кететін жайт, Атырау облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты Қоғамдық кеңес комиссиясының шығарған қорытындысының бірқатар бөлігіне әкімдік тарапынан келіспеушілік білдірілді. «Белгілі бір кемшіліктер болғанын мойындаймыз. Дегенмен, сарапшылар комиссиясының бірқатар қортындыларына қатысты келіспеушілік білдіреміз», деді жиын барысында әкімнің орынбасары.