«Атырау-Ақпарат» медиахолдингіне жаңа директор тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Бүгін Ысқақ Егембердиев «Атырау-Ақпарат» медиахолдингіне директор болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау-ақпарат» ұжымына жаңа басшыны Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Ысқақ Егембердиев​ 1983 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары.

2000-2004 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетін бітірген. ​ Бұдан соң осы оқу орнында журналистика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ​ «Сарыарқа», «Мысты өңір»​ ​ ​ ​ газеттерінде тілші болып бастады.

2003-2004 ж.ж.​ «Қазақ университеті»,​ «Жас Алаш»​ газеттерінің тілшісі қызметтерін атқарған. 2005-2019​ жылдары аралығында​ «Хабар» агенттігінде сценарист, редактор, шеф-редактор, продюсер, жоба жетекшісі болды.

2019 сәуірінен бастап «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарды.

Қазіргі уақытта «Атырау – Ақпарат» медиахолдингі 2 облыстық, 7 аудандық газеттерді, 11 сайтты және үлкен баспахананы біріктіріп отырған үлкен құрылым. Бұл холдингте дәстүрлі журналистикамен бірге, интернет медиа дамып келеді.


Соңғы жаңалықтар