«Атырау-Ақтөбе» пойызының жолсерігі 200 килограмм сазан балығымен ұсталды
АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат/Айнұр Кенебаева/ - «Атырау-Ақтөбе» пойызының жолсерігі 200 килограмм сазан балығымен ұсталды.
Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ қарасты Көліктегі ІІД -нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Келіп түскен ақпарат бойынша, көлік полицейлері жүргізген «Браконьер» шұғыл іздестіру шаралары барысында «Атырау-Ақтөбе» бағытындағы № 691 жолаушылар пойызының № 8 жұмыс вагонынан 200 килограмм сазан балығы тәркіленген.
Тергеу барысында анықталғандай, «ірі олжаның» иесі Ақтөбе қаласының тұрғыны 26 жасар жолсерік екендігі анықталған.
Қазіргі таңда тексеріс жалғасып жатыр.