Атырау-Астрахань пойызындағы бала өлімі: арнайы комиссия құрылады

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Атырау-Астрахань» пойызымен лагерьге бара жатқан баланың қайтыс болуына байланысты арнайы комиссия құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 77 адамнан тұратын топ, оның ішінде 4 тәлімгер, 73 бала «Атырау-Астрахань» бағытындағы пойызбен жолға шыққан. Балалар Ресей Федерациясы Железноводск қаласының маңындағы «Қазақстан геологі» санаторийіне бара жатқан.

«Балалардың бірі пойыз жүргеннен кейін 1,5 сағат соң өзін нашар сезінген. Пойыз жолсеріктері жедел жәрдем шақырған. Исатай ауданындағы «Нарын» станциясына келген жедел жәрдем бригадасы баланың қайтыс болғанын анықтады. Осыған байланысты Атырау облыстық білім беру басқармасы құзырлы органдармен бірлесіп, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын тексеру үшін комиссия құрды. Пойызда жолаушылар өздер алған тамақты ішкенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Облыстық білім беру басқармасы қайтыс болған баланың отбасына қажетті көмекті көрсетуді жоспарлап отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудан лагерьге бара жатқан бала пойызда қайтыс болғаны хабарланған еді. «Қазақстан темір жолы» ҰК баспасөз қызметі бүгін, 7 тамызда Атырау облысы аумағында «Атырау-Астрахань» пойызында болған оқиғаны растады.

«7 тамыз күні №625 «Атырау-Астрахань» пойызында 2010 жылғы бала қайтыс болды. Ол бір топ қатарластарымен және 4 тәлімгермен бірге лагерьге бара жатқан. Балалар өз тамақтарын жеген. Пойыз жолға шыққаннан кейін 1 жарым сағат өткенде бала өзін жайсыз сезіне бастаған. Пойыз бригадасы нұсқаулыққа сәйкес әрекет етті. Нарын станциясына жедел жәрдем шақырылды. Медицина қызметкерлері баланың қайтыс болғанын тіркеді», -делінген компанияның ақпаратында.


Соңғы жаңалықтар
telegram