Атырау-Астрахан тасжолында көлік апатынан екі адам қаза тапты
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау-Астрахан тас жолында көлік апаты болып, екі адам ажал құшты. Тағы екі адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұл оқиға Атырау облысының Құрманғазы ауданында болды. Зардап шегушінің екеуі де ауыр халде. Олардың біреуі аяқ-қол жарақаттарымен жансақтау бөлімшесіне түссе, екіншісі нейрохирургия бөлімінде жатыр», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі оқиға туралы түсінік бермеді. Әлеуметтік желілерден белгілі болғандай, екі автокөлік жолда соқтығысқан.