Атырау-Астрахань жолын жөндеу жұмыстары 2020 жылы аяқталады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Ресейдің Астрахань облысымен шекараласатын Атыраудың республикалық автотрассасын қайта жөндеу жұмыстары 2020 жылы аяқталады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА-нің тлшісі.

Атырау-Астрахань жолын жөндеу жұмыстары 2020 жылы аяқталады

«Атырау облысын Ресеймен байланыстыратын жолдың жұмысы басталды. Оның ұзындығы Қиғаш өзеніне дейін 277 шақырым. Барлық жол қайта жөндеуді талап етеді. 2015 және 2016 жылдарда жөндеудің жобалық-сметалық құжаттарын жасауға қаржы бөлінген. Олардың барлығы игерілді. Жол 6 блокқа бөлінді. Оны Ислам даму банкі қаржыландыруда. Барлық алты блокта жұмысты бастау 2017 жылға жоспарланған. Жұмыс 2020 жылы аяқталады», - деп хабарлады облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қайрат Нұртаев.