14:56, 13 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Атырау-Астрахан жолының құрылысы 2017 жылы басталады
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазақстандағы Атырау мен ресейлік Астраханды жалғайтын тас жолының құрылысы 2017 жылы басталады. Құрылыс 2017-2022 жылдары «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіледі.
Жұмыс барысында негізгі автокөлік жолы қайта жөндуден өтіп, асфальтбетон жабыны төселеді, жол белгілері, кедергілер, автобус аялдамалары техникалық нормативке сай қойылады, деп хабарлады Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, Атырау-Астрахан «Ресеймен шекара (Астрахан) - Атырау - Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Түркіменстанмен шекара» халықаралық транзиттік дәлізінің бөлігі болып табылады, сондай-ақ Қазақстанның батыс аймақтары мен Ресейдің Оңтүстік федералды округын жалғайды.