Атырау әуежайында жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіруге не себеп болғаны анықталды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы әуежайда жұма күні таңертең орын алған рейстерді тоқтату мен жолаушыларды жаппай қауіпсіз жерге көшіру оқиғасына не себеп болғаны анықталды.
«Бұл оқиғаға себеп болған - әуежайдың бір қуысында әлдебір жолаушының ұымытып кеткен сөмкесі», - деп хабарлады Атырау облысы көлік прокуроры Болат Халықов.
Айта кетейік, 17 қазан күні таңертең 9:15-те Атырау әуежайында 300-ден астам жолаушы қауіпсіз жерге көшіріліп, дабыл қағылған болатын.