Атырау Азиада алауын қабылдады
АТЫРАУ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін Атырауда VII қысқы Азиада ойындары Алау эстефетасының кезекті сатысы болып өтті.
Азиада алауы кеше кешке көршілес Ақтаудан келіп жеткен Атырау қаласы алаудың Қазақстан бойынша өткен бесінші аймағына айналды.
Эстафета Театр алаңынан басталды, ол жерде облыс әкімі Бергей Рысқалиев алау сақталатын шыны сауыттан шырақ жақты. Бірінші кезеңде алауды облыстағы белгілі спортшылардың бірі, КСРО мен Қазақстанның бокстан бірнеше рет чемпионы атанған Болат Теміров алып жүрді.
Алауды Атырау бойынша барлығы 60 адам алып өтті. Олардың қатарында қазіргі спортшылар, спорт ардагерлері, жаттықтырушылар, белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, қала мен облысқа еңбектері сіңген азаматтар, сонымен қатар қысқы ойындардың демеушілері бар.
Атыраудағы алау екі саты бойынша өтті.