Атырау базарларында əлеуметтік маңызы бар тауарлар төмен бағамен сатылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау базарларында əлеуметтік маңызы бар тауарлар төмендетілген бағамен сатылуда, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
None
None

ОКҚ таратқан мәліметтерге қарағанда, аймақта 2017-2018 жылғы маусымаралық кезеңде əлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін тұрақтандыру қорын жасақтау жүріп жатыр.

Көктемде «Атырау» ƏКК облыстағы екі шаруа қожалығымен 1000 тонна картоп жеткізу жөнінде форвардтық келісімшартқа отырған. Жеткізілім мерзімі 2017 жылдың 20 қарашасында аяқталады деп жоспарланған.

Биыл сақталатын көкөністер мен тамыр жемістерін жаңа егінге алмастыру жұмыстары жүргізілді.

Көктемде тасымалдаушыларға биылғы егінмен ауыстыруға 30 тонна жуа, 120 тонна капуста, 102,5 тонна сəбіз берілген. Тұрақтандыру қорына жеткізілімнің жалпы мөлшері 1 252,5 тонна ауыл шаруашылығы тауарларын құрайды.

Бүгінге дейін 478,2 тоннасы жеткізілді, оның ішінде 30,0 тонна жуа, 406,662 тонна картоп, 42,541 тонна қырыққабат бар. Қоймаға тауар жеткізу жұмысы күн сайын жүріп жатыр.

Жоғарыда көрсетілген мөлшерге қосымша 220 тонна пияз сатып алу жоспарланған. Тұрақтандыру қорындағы пияз көлемі 250 тонна болады.
Қазір бағаны тежеу бойынша жұмыстар басталды. Əлеуметтік маңызды тағамдар бағасының көтерілуіне жол бермеу үшін «Атырау» ƏКК қаладағы супермаркеттер мен базарлардағы тауар интервенциясы басталды, оның ішінде: 1-сұрыпты тауық жұмыртқасының данасы -19 теңгеден, картоптың бір килограмы-86 теңге, пияз -80 теңге.

Көкөністер бағасына жүргізілген мониторингке сəйкес, қазір аймақта 1 кг картоптың орташа бағасы-115 теңге, сəбіз-120 теңге, пияз-90 теңге, қырыққабат-100 теңге.

Соңғы жаңалықтар