Атырау дәрігерлері жағдайы нашарлаған жүкті әйелге сәтті ота жасады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау дәрігерлері жағдайы нашарлаған жүкті әйелге ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Перинаталдық орталық директорының міндетін атқарушы Қ.Ермағамбетовтің мәліметінше, осы кезге дейін әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы 224 ота жасалған. Оның ішінде 124 жоспарлы, 100 шұғыл ота бар.

«Шұғыл отаның бірі жүктіліктің 32-аптасын өткеріп әйелге жасалды. Ол орталыққа 25 қаңтарда жүктіліктің 32-аптасында түсті. Жағдайы ауыр болды. Оған «Ауыр дәрежелі преэклампсия. Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура. Анемияның ауыр дәрежесі»

диагнозы қойылды. Сол себептен, жансақтау бөлімшесіне қабылданды. Жүкті әйелдің жағдайына байланысты №1 облыстық аурухананың мамандарымен консилиум өтті. Кейін оны елордадағы «Ана мен бала ғылыми орталығына»​ жеткізу туралы шешім қабылданды.​ Алайда, одан коронавирус инфекциясының белгісі анықталып, облыстық

перинаталдық орталығында шұғыл ота жасалды», - дейді Қ.Ермағамбетов. ​

Оның айтуынша, өмірге салмағы 1 келі 940 грамм, бойы 45 см қыз келген. Нәрестеге бастапқыда жансақтау бөлімінде ем-дом көрсетілген.

«Сәбиден коронавирус инфекциясының белгісі анықталды. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін №2 облыстық ауруханада ем қабылдады. Содан соң 11 ақпанда үйіне шығарылды.

Осылайша, облыстық перзентхананың мамандары күрделі отаны сәтті жасап, ана мен баланың өмірін сақтап қалды», -дейді Қ.Ермағамбетов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 52 жастағы әйел тұңғыш сәбиін босанғанын

хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар