«Атырау» ФК бас бапкері белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атырау» футбол клубының бас бапкері Виктор Кумыков батысқазақстандық клубпен ресми түрде келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Атырау» ФК бас бапкері белгілі болды

55 жастағы ресейлік маман Виктор Кумыков Атырауға келіп, батысқазақстандық клубпен келісімшартты ұзартты. Сондай-ақ онымен бірге барлық бапкерлік штаб жұмыстарын жалғастыратын болады, олар: Роман Узденов, Олег Корниенко, Қуаныш Қабдулов, Владимир Зиванович және Срджан Солдатович.

Еске салайық, В.Кумыков «Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметіне биылғы шілде айында кірісті және команданың Премьер-лигада қалуына көмектесті.