20:46, 22 Қыркүйек 2017 | GMT +5
«Атырау» ФК бас бапкері отставкаға кетті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Атырау» ФК бас бапкері Сергей Павлов отставкаға кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Футбол клубының бас бапкері өз қызметінен ойыншылармен өзара түсіністіктің болмауы салдарынан кетіп жатыр. Соның салдарынан футболшылар алаңға шыққанымен қызықты, шабуылдаушы ойын көрсете алмай отыр», - деп хабаралды «Атырау» ФК директоры Тимур Нигимов.
Сергей Павлов биыл сәуір айында клубтың бас бапкері қызметіне тағайындалған еді. Оның басшылығында команда турнир кестесінің соңынан ортаға қарай жылжып, Қазақстан Кубогындағы матчта жақсы ойын көрсетіп, ақтық сынға дейін жеткен болатын. Алайда, бұл команда соңғы матчтарда ұтылып келді.