«Атырау» футбол клубының жаңа бас бапкері тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Атырау» футбол клубының жаңа бас бапкері тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау» футбол командасында кадрлық өзгерістер жалғасып жатыр. Бұған дейін Эрнист Есмағамбетов команда директоры, ал, Әлішер Апсалямов бас менеджер болып тағайындалған болатын. Енді командаға жаңа бас бапкер келді.

Бұл туралы жергілікті футбол командасы Instagram парақшасында ақпарат таратты.

«Константин Горовенко – «Атырау» футбол клубының жаңа бас бапкері. Сондай-ақ, жаттықтырушылар құрамына Юрий Новиков – қақпашылар бапкерi, Денис Мамонов – бас бапкердің көмекшісі ретiнде кірді. Жақын арада біз жаңа спорт директорының есімін жариялаймыз», -делінген әлеуметтік желідегі ақпаратта.

Константин Горовенко бұдан бұрын «Жетісу», «Шахтер», «Мақтарал» командаларының бас бапкері болған. Оның жасы – 44-те.

Осы кезге дейін «Атырау» футбол клубына Арам Восканян жетекшілік еткен еді.


Соңғы жаңалықтар