11:14, 18 Қазан 2016 | GMT +5
Атырау қалалық Мемлекеттік кіріс басқармасы басшысының орынбасары парамен ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті бірнеше рет пара алу оқиғасына қатысты Атырау қалалық Мемлекеттік кіріс басқармасы басшысының орынбасары А. Рзағұлованы ұстады.

А. Рзағұлова салық есебін тапсыру, есептік шоттарды ашу, сонымен қатар ҚҚС бойынша есепке кедергісіз тұрғызу үшін бірқатар кәсіпкерден ақша және материалдық құндылықтар түрінде жүйелі түрде пара алған.
Осылайша, А. Рзағұлова 130 мың теңге көлемінде кезекті пара алып жатқанда қолға түсті.
Қазіргі уақытта А. Рзағұлова кінәсын толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.