Атырау қаласы өңірде коронавирус жұқтырудың негізгі ошағы болып отыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау облысы қайтадан «сары» аймаққа өтті. Қазір өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 301 науқас емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласы өңірде коронавирус жұқтырудың негізгі ошағы болып отыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте, 15 қарашада қауіпті вирус 19 адамнан табылған. Атырау қаласы коронавирус инфекциясын жұқтырудың негізгі ошағы ретінде қалып отыр. Мұнайлы шаһарда Сovid-19

инфекциясын жұқтырудың 16 жағдайы расталған. Сондай-ақ, Теңіз кен орнында 2, Махамбет ауданында 1 науқас тіркелген.

«Қазір 168 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Өңірдегі инфекциялық стационарларда 133 науқас оқшауланған. Оның ішінде модульдік ауруханада – 76, Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы стационарда – 33, аудандардағы инфекциялық стационарларда 24 пациент хаттамаға сәйкес ем-дом қабылдауда» -деп хабарлады

басқарманың баспасөз қызметі.

Атырау облысында өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 23 адам сауығып шыққан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 35 бала мен 21 жүкті әйел коронавируспен

ауырып жатқанын жазған едік.