Атырау қаласында болашағы жоқ Қошқар ауылының тұрғындары қоныс тойларын тойлады

Қошқар ауылы, сондай-ақ, онымен көршілес Комсомольск пен Бекбике ауылдары Мақат ауданында орналасқан. Олардың тұрғындары осы аттас кен орындарында жұмыс істеген. Бірақ кен орындары сарқылып, оларды өндіру тиімсіз болмай қалды. Адамдар жұмыссыз қала бастады. Ауылдарда мектептер, емханалар мен бала-бақшалар жоқ. Осыдан бірнеше жыл бұрын аталмыш ауыл тұрғындарын басқа жерге көшіру туралы облыстық бағдарлама қабылданды.
Бұл бағдарлама іс жүзінде тек биыл ғана жұмыс жасай бастады. Көктем кезінде Қошқар ауылынан 20 отбасы Махамбет ауданына көшірілді, енді қосымша 19 отбасы да пәтермен қамтылып отыр. Облыс әкімі Бергей Рысқалиев хабарлағандай, жақын арадағы бір-екі жылда осы ауылдардың тұрғындары облыс немесе аудан орталықтарынан пәтерлерге ие болады. Барлық қоныс аударушыларға жұмыс табуға көмек көрсетіледі.