09:29, 05 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Атырау колонияларына ұялы телефондарды жеткізу фактісі бойынша 600-ден астам оқиға тіркелген
АТЫРАУ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында қылмыстық-атқару жүйесінің 4 мекемесі бар, 11 ай ішінде сотталғандарға рұқсат етілмеген заттарды беру әрекеті бойынша 1215 оқиға тіркелген.

ҚАЖ облыстық департаменті басшысының орынбасары Балабек Жүнісовтің айтуы бойынша, ақша жіберу фактісі бойынша 47 оқиғаның алдын алған. Айта кетейік, қаражат мөлшері жалпы сомада 563 мың теңгені құрап отыр. 2,5 мың литр мөлшерінде спирттік ішімдіктерді жіберу фактісі бойынша 56 оқиға, 2 кг-нан көп есірткі заттарын беріп жіберу 16 рет, 484 дана пышақ пен қайрақ беріп жіберу фактісі бойынша 232 оқиға тіркелген. Ал ұялы телефондарды беріп жіберу фактісі бойынша 628 оқиға анықталып отыр.
«Сотталғандарға рұқсат етілмеген заттар мен ақшаны туыстары кездесу барысында немесе тағы да басқа жолдар арқылы бермек болған», - деді Б.Жүнісов.