Атырау көшелерімен 3 автобустан тұратын той кортежі жүріп өтті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау тұрғындары осы аптада ерекше той кортежіне куә болды. Қала көшелерімен 3 автобустан тұратын той кортежі жүріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау көшелерімен 3 автобустан тұратын той кортежі жүріп өтті

Желі қолданушылары әлеуметтік желілерге салынған видеоны қызыға тамашалады. Жас жұбайлар Сайрамбек пен Сайра автобустарды өз суреттерімен сәндеп, неке сарайына аттанған.