Атырау көшесінде автобус аударылып қалды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласында көше қиылысында автобус аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция депаратаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, оқыс оқиға 8 қазанда сағат 14:00 шамасында болған.
«Самал» ықшам ауданындағы №9 және №15-ші көшенің қиылысында жолдың екінші деңгейлі жолмен келе жатқан «Toyota Mark» көлігі «Toyota Coaster» автобусымен соқтығысқан. Жеңіл көлік басты жолда келе жатқан автобусқа жол бермеген. Нәтижесінде автобус аударылып қалды. Автобустағы 3 жолаушы дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілді» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.