«Атырау-Кутаиси» бағытындағы әуе рейсінің кешіктірілу мерзімі 2,5 сағатқа қысқарды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Атырау-Кутаиси» бағытындағы әуе рейсін кешіктіру мерзімі 2,5 сағатқа қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Туристік компания өкілінің хабарлауынша, «Sunkar Air» әуе компаниясының «Атырау-Кутаиси» бағытындағы чартерлік рейсінің ұшу уақыты өзгерді. Бүгін біз жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де Грузияның Кутаиси қаласына ұшуымыз керек болатын.
Алайда, таң ата ұшу сапарын рәсімдеген туристік компания өкілі ұшырылым түнгі 2-ге дейін кешіктірілетінін айтты. Енді туристерге ұшырылым жергілікті уақыт бойынша сағат 23:30-ға жоспарланғандығын жеткізді. Осылайша, кешіктірілетін уақыт 9 сағатты құрап отыр. Туристік компанияның хабарлауынша, бізді алып кетуге түнгі сағат 02:00-де жеткізбек болған борт емес басқасы келеді»,-деді ҚазАқпарат тілшісіне атыраулық туристердің бірі Талғат Әубәкіров.