13:14, 11 Мамыр 2012 | GMT +5
                                        «Атырау-Маңғышлақ» жолаушылар пойызының тепловозы отқа оранды
                                            АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Атырау қаласының стансасында тұрған «Атырау-Маңғышлақ» бағытындағы жолаушылар пойызында өрт шықты.
                                        
                                        
                                    
                                              ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, өрт кеше, мамырдың 10-ы күні болған. «Атырау стансасының бірінші жолында тұрған №313 «Атырау-Маңғышлақ» бағытындағы пойыздың тепловозында жоғары вольтты электр желілері өртенді. Жарты сағаттың ішінде жалын ауыздықталды. Бұл төтенше жағдай пойыздардың жүруіне кедергі болған жоқ», - делінген баспасөз хабарламасында.