Атырау маңындағы бірнеше кент сусыз қалды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау маңындағы бірнеше кент сусыз қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Қала жанындағы Курилкино, Водников, Водников-2, Көк арна, Алғабас кенттеріне кешкілік су беру тоқтатылғандығы сол сәтте-ақ әлеуметтік желі арқылы белгілі болды.
«Қала маңындағы елді мекендерге тартылған су құбырында апат болды. Апат орны белгілі. Жөндеу бригадасы тесілген су құбырын жөндеу жұмыстарымен айналысып жатыр», - деп хабарлады облыс орталығын сумен қамтамасыз етуге жауапты «Атырау су арнасы» КМК баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі апатты жою қанша уақыт алатындығын айта алмады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Атырауда түнде ауа температурасы 10 градусқа дейін төмендейді.