Атырау мектептерінде көше шамдары ауыстырылады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат -  Атыраудағы 41 мектепте көше шамдары ауыстырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау мектептерінде көше шамдары ауыстырылады

«Қаланың көптеген мектептерінде көше жарықтары жарамсыз болып қалған. Олар орнатылғалы бері ондаған жылдар өтті. Салдарынан балалар да, ата-аналар да мектеп аумағында көше шамдарының болмағанына шағымданды. Ал жарық болмаған жағдайда мектептен кешкі уақытта қайтатын балалардың қауіпсіздігіне қатер төнетіні белгілі. Сондықтан биыл 41 мектептің жарығын ауыстыру туралы шешім қабылданды», - деді қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Қабиденов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Е. Қабиденовтің айтуынша, көше жарықтарын ауыстыруға арнайы тендер өткізіліп, жұмыстар басталып кеткен.