Атырау мен Қостанайдың көпқабатты үйлерінде болған өрт әйел мен сәбиді ажал құштырды

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - 6 желтоқсан күні Қостанай және Атырау облыстарының 5 қабатты үйлерінде болған өрттердің салдарынан екі адам мерт болды.
None
None

Кеше сағат 13.19-да Рудный қаласында 5 қабатты үйдің екінші қабатында орналасқан пәтер өртенді. Өрт 20 минуттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Қостанай облысы бойынша ТЖД өртке қызметінің 7 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Жалын салдарынан 24 жастағы жігіт пен 3 жасар сәби ауруханаға жеткізілді. Сәби ауруханада көз жұмды.

Атырау қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде лаулаған от  өрт сөндірушілер келгенге дейін ауыздықталды. Оқиға орнында 67 жастағы әйелдің мәйіті табылды.

Соңғы жаңалықтар