Атырау мен Маңғыстаудағы эпиджағдайды тұрақтандыру үшін аймаққа 164 дәрігер барады
Мемлекет басшысының тапсырмасымен денсаулық сақтау министрлігі Атырау және Маңғыстау облыстарындағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін өңірлерге вирусолог, дәрігер-инфекционист, реаниматолог, пульмонолог сынды мамандардан тұратын бірнеше топ медицина қызметкерін жібереді, сондай-ақ, ресейлік дәрігерлер де көмектеседі.
Атырау облысына 108 маман барады. Делегация құрамында бас мемлекеттік санитар дәрігердің басшылығымен тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің 5 маманы, клиникалық кафедралардан - 10 ғалым, «Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ клиникасынан - 9 резидент, сондай-ақ, құрамында пульмонолог, реаниматолог және инфекционист бар Ресей Федерациясынан - 6 дәрігер болады.
Маңғыстау облысына 56 маман аттанды. 42 дәрігер-интерн, Ресейден 9 маман және М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінен 5 ғалым жіберіледі.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter аккаунтында Атырау облысы халқының үндеуіне жауап берген еді.
«Азаматтардың Атырау облысындағы жағдайға қатысты өтінішімен таныстым. Аймаққа Премьер-министрдің орынбасары бастаған комиссия барды. Үкімет облысқа медицина қызметкерлерін жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіледі», - деп жазды Тоқаев.