Атырау мен Петропавлда ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК еліміз қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Атап айтқанда, синоптиктердің мәліметінше, 9 мамыр күні ауа сапасы екі қалада - Атырау және Петропавлда нашарлайды. Қазақстанның өзге шаһарларында метеожағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Соңғы жаңалықтар