Атырау мен Шымкентте екі әйел автомобиль доңғалақтарының астына түсіп мерт болды
АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат - Атырау мен Шымкентте екі әйел автомобиль доңғалақтарының астына түсіп мерт болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Атырауда Новостройка кентінде Атырау-Доссор трассасынан 2 шақырым жерде, жұма күні сағат 08.30-да «ГАЗ» автокөлігінің жүргізушісі жасы 47-дегі әйелді қағып кетті.
Сонымен қатар Шымкентте Республика даңғылы мен Айбергенов көшесінің қиылысында, өткен күні «Опелдің» жүргізушісі жасы 57-дегі әйелді қағып кетті. Жүргінші оқиға орнында көз жұмды.