Атырау мешітінде намаз оқуға кедергі келтірген адамға 100 мың теңге айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы маусым айында «Иманғали» Атырау орталық мешітінде бір адам намаз уақытында айқайлап, имам мен мешітке келген өзге азаматтардың намаз оқуына кедергі келтірген, деп хабарлады Атырау облыстық соттың баспасөз қызметі.

 Атырау мешітінде намаз оқуға кедергі келтірген адамға 100 мың теңге айыппұл салынды

Мешіттегі ішкі тәртіп пен ережелерге сәйкес, мешітке келушілер намаз оқығанда барлық нормаларды орындауға міндетті. Мешітте дауласуға, намаз кезінде кедергі келтіруге тыйым салынған.

Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік соты айқайлаған азаматты ҚР ӘҚБК  490-бабының 2-тармағына сәйкес айыпты деп тауып, оған 50 АЕК (106 050 теңге) көлемінде айыппұл салынды.