«Атырау Мұнай Газ» компаниясы директорының орынбасарын оның әкесі атып өлтірді

АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «АтырауМұнайГаз» компаниясы директорының орынбасарын оның әкесі атып өлтірді.

«Атырау Мұнай Газ» компаниясы директорының орынбасарын оның әкесі атып өлтірді

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов бүгін журналистермен болған брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департамент бастығының мәліметтеріне қарағанда, аталмыш компания бастығының мәйіті мамырдың 17-сі күні Алматы қаласындағы Жетісу-2 ықшамауданындағы аулалардың бірінен табылған. «Бізге мәлім болғанындай, мұнайгаз компаниясы басшысының орынбасарын оның әкесі өлтірген. Алдымен әкесі мен баласының арасында ұрыс-керіс шығып, әкесі баласына атыс қаруына бейімделген газды қарудан оқ атқан. Бұдан соң әкесі өзін атып, ауруханаға жеткізілген соң, ол да көз жұмды», деді Қ.Жұманов.