Атырау мұнай компаниялары мүгедектерге көмектесті

ЫРАУ. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда мүгедектердің 200 отбасы НКОК және Аджип ККО компанияларынан азық-түлік купондарын алды.

Атырау мұнай компаниялары мүгедектерге көмектесті

Аджип ККО қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы Рәзия Құрманованың айтуынша, Халықаралық мүгедектер күні қарсаңындағы мұндай көмек компаниялардың әлеуметтік міндеттемелері бағдарламасы аясында көрсетілді. Купонның құны 9 мың теңге. Оны сауда желілерінің бірінде бір ай мерзімде қолдануға болады.

2010 жылы НКОК пен Аджип ККО Маңғыстау және Атырау облыстарында 84 әлеуметтік нысанды жүзеге асыруға қолдау көрсетті. Барлығы бұл мақсатқа 221 млн. теңге жұмсалды.