Атырау мұнай өңдеу зауыты 2010 жылы 4,316 миллион тонна мұнай өңдеді

АТЫРАУ. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау мұнай өңдеу зауыты 2010 жылы 4,316 миллион тонна мұнай өңдеді, бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 9,2 пайызға көп.

Атырау  мұнай өңдеу  зауыты 2010  жылы 4,316 миллион тонна  мұнай  өңдеді

Кәсіпорын өткен жылы 600,8 мың тонна бензин өндірді, оның 37 пайызы - жоғары октанды бензин. Сондай-ақ 0,4 мың тонна Супер-98 бензині, 18,1 мың тонна АИ-95 маркалы бензині, 203,5 мың тонна АИ-92 бензині өндірілді.

Аи-80 маркалы бензиннен тұтынушыларға 378,8 мың тонна жөнелтілген. Зауыт сонымен қатар дизельдік отын, уайт-спирит, ТС-1 отынын, пеш отынын, мазут, вакуум газойлын, кокс өндірді.