Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстары биыл аяқталады - М.Мырзағалиев

«Соңғы жылдары әлемдік мұнай-газ саласы мұнай бағасының құлдырауы мен экономикалардың тұрақсыздығы аясында түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Қазақстан экономикасының алдында өзгеріске ұшыраған сыртқы жағдайларға бейімделу сынды күрделі міндеттер тұр», - деп атап өтті.
Сонымен қатар ол мұнай өңдеу қуаттарын жаңғырту, мұнай-газ кешенінің бәсекеге қабілетті кешендерін салу еліміздің мұнай-газ өнеркәсібі саласын дамытудың басымдықты бағыттары екендігін баса айтты.
«Қазіргі уақытта біздің үш мұнай өңдеу зауытымызды реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтқым келеді. Бірінші болып жаңғырту жұмыстарын Атырау мұнай өңдеу зауыты аяқтайтын болады. Қондырғыларды механикалық аяқтау осы жылдың соңында күтілуде. Павлодар мұнай химиясы зауыты мен мен Шымкент мұнай өңдеу зауытын реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарын механикалық аяқтау 2017 жылға жоспарланған», - деді М.Мырзағалиев.