19:22, 28 Қыркүйек 2016 | GMT +6
Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа басшы келді
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС Бас директоры қызметіне Ғалымжан Амантурлин тағайындалды.
АМӨЗ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа басшы өзінің қызметіне 27-қыркүйек күні кіріскен. Бұған дейін Амантурлин «КМГ - өңдеу және маркетинг» АҚ Бас директоры болған.
Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, АМӨЗ-ның бұрынғы Бас директоры Қайрат Оразбаев «ҚМГ» ҰК» департаменттерінің біріне басшы болған.