Атырау облысы әкімдігі оқушылардан армандарын қағазға түсіруді сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысы әкімдігінің Фейсбуктағы парақшасында оқушыларға арналған ерекше хабарлама пайда болды. Аймақ басшысының баспасөз қызметі жас өрендерді армандарын қағазға түсіріп, пошта арқылы әкімдікке жіберуді сұраған.

Атырау облысы әкімдігі оқушылардан армандарын қағазға түсіруді сұрады

«Достарыңа, жақындарыңа, ауылыңа, көшеңе өзің қандай жақсылық жасауды армандайсың? Оларға нендей нәрселер керек? Жақындарыңа көмектесу үшін өзің не істеп жатырсың және не істегің келеді? Осыларды жақсылап ойлан. Содан соң сол армандарың мен мақсаттарыңды қағазға түсіріп бізге жібер», - делінген хабарламада .

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұл бастама оқушыларды армандауға, алдында мақсат қойып сол бағытта жұмыс істеуге үйретеді. Олар хатты Атырау облысы әкімі аппараты баспасөз қызметі бөліміне жолдауды сұраған. 

«Біз сенің хатыңды міндетті түрде оқимыз. Сен секілді арманшыл, мақсатшыл жастың бар екені бізге үлкен үміт, зор қуаныш сыйлайды», - деп жазылған хабарламада.