Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Білім саласына жауап беретін Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауова қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңір активінің жиналысын өткізді.

«ҚР Президент Әкімшілігімен келісе отырып, менің бұйрығым бойынша, сондай-ақ өзінің берген өтінішіне сәйкес облыс әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауқызы Сайлауова өз еркімен қызметінен босатылды», - деп хабарлады Нұрлан Ноғаев.

Н.Сайлауова облыс әкімінің орынбасары қызметіне 2017 жылдың соңында тағайындалған, ол әлеуметтік блокка жетекшілік еткен, деп хабарлады Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Атырауда облыстық білім басқармасының басшысы мен оның сыбайластары ұсталды.
Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің мәліметінше, соттың шешімімен облыстық білім басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев пен оның орынбасары Роза Қабдолованы, сондай-ақ Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының бас есепшісі Назымгүл Мәжітованы екі айға қамалды.
Оларға қатысты ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Фото: www.atyrau.gov.k

Соңғы жаңалықтар