Атырау облысы аумағындағы тас жолды су шайып кетті

None
None
Ақтөбе-Атырау-Астрахан республикалық маңызы бар тас жолын су шайып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан. ҚазАқпарат - Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 18.00-ден бастап аталған жол автокөліктің барлық түрлері үшін жабылған.

«1 сәуір күні сағат 17.30-дан бастап Ақтөбе облысы аумағында А-27 Ақтөбе-Атырау-Астрахан республикалық маңызы бар автожолының 246-330 шақырымы аралығында судың шаюына байланысты жол қозғалысына уақытша шектеулер қойылды. Сол себептен А-27 Ақтөбе-Атырау-Астрахан тас жолымен Ақтөбе облысының аумағына шығудан бас тартуларыңызды сұраймыз», – делінген департамент хабарламасында.

Сондай-ақ Ақтөбе-Атырау-Астрахан республикалық маңызы бар автожолының 330-337 шақырымы аралығында (Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы - Ақтөбе облысының шекарасы) қозғалыс тоқтатылды.


Соңғы жаңалықтар