09:51, 25 Наурыз 2021 | GMT +5
Атырау облысы «қызыл» аймаққа кірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 25 наурыздағы мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Атырау облыстары тұр.
«Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстары орналасқан.
Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.
Айта кетейік, кеше үш облыс «қызыл» аймақта тұрғанын хабарлаған едік.