Атырау облысын шаңды дауыл басып қалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Облыс орталығы мен Атырау облысы аудандарының бір бөлігін шаңды дауыл басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екпіні секундына 20 метрден асатын күшті жел Атырау қаласының барлық ықшамаудандарында құм мен шаңды аспанға көтерді.

Әлеуметтік желілерде хабарланғандай, кей жерлерде жолдарда көліктердің шамы жанып тұрса да жол көрінісі олардың қозғалысына кедергі келтіріп отыр.

Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді аса сақ болуға шақырады.

«Төбесі үлкен ғимараттардың жанынан өту немесе көлік жүргізу кезінде аса мұқият болу керек», - деп ескертті аймақтың ТЖ департаменті.


Соңғы жаңалықтар