Атырау облысына «Спутник V» вакцинасының 17 мың дозасы жеткізілді
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 сәуірде Атырауға Ақтөбе фармацевтикалық хабынан «Спутник V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді. Биылғы 1 ақпаннан бері Атырау облысына жеткізілген вакцина 32 200-ге жетті.
«Осы кезге дейін «Спутник V» I компоненті 15 018 адамға салынды. Ал, вакцинаның II компонентін 3 535 тұрғын алды. Тұрғындардың вакцина алуына қолайлы жағдай жасау үшін Атырау қаласындағы ірі сауда орталықтарында қосымша вакцинация пункттерін ашуды жоспарланып отыр. Бүгін жеткізілген вакцинаның 7 мың дозасы Теңіз кен орнының жұмысшыларын вакцинациялау үшін бөлінетін болады», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен енді аймақта 7 мобильді бригада жұмыс істей бастайды. Олар аймақтың ірі кәсіпорындарының қызметкерлерін вакциналауға шығады.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 250 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина алатынын жазған едік.